Қыз өссе – елдің көркі

8da9ebaceb964ed5f1b9dff2f560c85d Жаңалықтар

Қыз бала тәрбиесі — бүкіл қоғамның көкейкесті мәселесі. Тұтас бір ұлттың болашағы  – арулардың қолында. Өйткені, ол — ертеңгі ана. «Анасын көріп, қызын ал» деген даналық сөздің де мәні зор. Қыздың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі мен қылығы бүкіл қоғамның назарынан тыс қалмауға тиіс.  Осыларды ескере отырып, «Қыз өссе – елдің көркі» атты  жаңа айдарымыздың тұсауын кеспекпіз.

Қадірлі оқырман, өздеріңізден ой-пікір түйген хат күтеміз!

8da9ebaceb964ed5f1b9dff2f560c85d

Деректер не дейді?

Атырау облысында жеткіншек қыздардың жүкті болу оқиғаларының саны артып отырғаны алаңдатады.

«Өкінішке орай, жасөспірім қыздардың жүктілік проблемасы облыс аумағында өзекті болып табылады. 2015 жылы ресми түрде 167 факті тіркелді, ал, 2016 жылғы мониторинг нәтижесі  әлі шықпай отыр. Мысалы, Құрманғазы ауданында 2015-2016 оқу жылында ерте жүктіліктің үш оқиғасы анықталды. Қыздардың бірі – оқушы. Тоғызыншы сынып оқушысын анасы жалғыз тәрбиелейді. Анасы вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен, ол үйде жиі жалғыз қалып отырған. Мектепте үздік оқиды, әрдайым сыныптастарына үлгі болып келген. Ол дәстүрлі емес дінді ұстанатын жасы өзінен үлкен жігітпен байланысып, ақыры қиын жағдайда қалды» деп атап өтті кәмелетке толмағандар істері бойынша облыстық комиссияның отырысында аймақтық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова.

Beremennaya-devushka-v-sinem-plate

Ерте жүктілік – тәрбиесіздіктен

Қазақстандағы қыздардың ерте жүктілігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерімен салыстырғанда алты  есеге жиі кездеседі. Бұл туралы БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры бағдарламасының (ЮНФПА) Қазақстандағы үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова мәлім етті.

«Ресми статистика мәліметтеріне қарағанда, 15-19 жастағы қыздардың бала туу жиілігі шамамен 35 оқиғаны, нақтырақ айтқанда мың қызға шаққанда 34,72 оқиғаны құрап, 2011 жылдан бері ұдайы артып келеді. Бұл үрдіс соңғы 10 жылда ешқандай өзгерген жоқ. 2011 жылы 1000 қызға шаққанда 29 оқиға тіркелген болатын. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың бала тууына қатысты ең үлкен көрсеткіш –Маңғыстау облысына тиесілі, онда мың қызға 54 оқиға, одан кейінгі орында Жамбыл облысы – мың қызға шаққанда 50,5 оқиға, сосын Атырау облысында 46 оқиғадан тіркелген. Айта кетерлігі, Қазақстандағы бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6 есеге жоғары. Ұйым елдерінде кәмелетке толмаған мың қызға төрт-алты оқиғадан тіркеледі»  деді Ғазиза Молдақұлова.

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз