Жаңалықтар

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз әлемдік стандарттарға сай, білімді, шет ел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық даярлықтың шеберлері болып табылатын мамандар даярлау, бір сөзбен айтқанда, нағыз әскери элитаны қалыптастыру болып табылады.

Қарулы Күштерді құрудың бастапқы кезеңіндегі өзекті проблемалардың бірі ұлттық кадрлардың жетіспеушілігі болды. Сондықтан да Елбасы біздің алдымызға отандық әскери білім және ұлттық кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі қайта құру жөнінде міндет қойды. Бүгінгі таңда бұл міндет табысты жүзеге асырылды деп айтуға болады. Қазір елімізде отандық білім беру жүйесі толық қалыптасты.

Офицерлік қызмет, Отан қорғау – үлкен мәртебе. «Офицер тек мемлекеттік қызметкер емес, ол көптеген адамдардың тағдыры тапсырылған мемлекет адамы» деген белгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Осындай мамандарды дайындайтын жоғары әскери оқу орындарының міндеті – ұйымдастырушылық қабілеті бар, ерік-жігері мықты және табанды, қарамағындағыларды оқытып, тәрбиелей алатын жоғарғы білікті офицерлерді дайындау.

Міне, осыған байланысты қазіргі таңда АтырауоблысыныңҚорғанысістеріжөніндегідепартаментінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Түркия және Үндістан елдерінің әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және кәсіби техникалық білім алу әскери оқу орындары

 

1. Құрлықәскерлерініңәскериинституты, Алматықаласы.

Оқумерзімі — 4 жыл.

Оныңішіндедаярлайтынмамандықтары:

 — әуе-десанттық әскерлерінің командалық тактикалығы.

 — мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикалығы.

 — артиллерияның командалық тактикалығы.

 — әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етудің командалық тактикалығы.

 — әскерлерді заттай қамтамасыз етудің командалық тактикалығы.

 — әскерлерді сұйық отынмен қамтамасыз етудің командалық тактикалығы.

 — танк әскерлерінің командалық тактикалығы.

 — инженерлік әскерлердің командалық тактикалығы.

 — броньды танк қару-жарағы мен техникасы.

— автомобиль әскерлерінің командалық тактикалығы.

— әскерлерді зымыран-артиллериялық  қамтамасыз етудің командалық тактикалығы.

 

2. Кеңес Одағының Екі мәрте Батыры Т.Ж.Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, Ақтөбе қаласы.

Оқу мерзімі — 4 жыл.

Оның ішінде даярлайтын мамандықтары:

— ұшу аппараттарын пайдалану (фронт авиациясының командалық тактикалығы)

— ұшу аппараттарын пайдалану (майдан авиациясының командалық тактикалығы)

— авиацияның штурмандық тактикалығы.

— авиацияны жауынгерлік басқарудың командалық тактикалығы.

— ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын техникалық пайдалану.

— авиациялық  радиоэлектрондық жабдықтау.

— авиациялық қару-жарақ.

— авиациялық  жабдықтарды техникалық пайдалану.

 

3. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласы.

Оқу мерзімі — 5 жыл.

Оның ішінде даярлайтын мамандықтары:

— радиобайланыс және радионавигация (авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшелері үшін)

— радиотехника (радиотехникалық әскерлері)

— радиотехника (зениттік-зымыран әскерлері)

— байланыс желілері мен коммутация жүйелері.

— автоматтандырылған басқару жүйесінің инженері.

 

4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, Щучинск қаласы. (11-сыныптан кейін)

Оқу мерзімі — 1жыл 8 ай.

-мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикалығы (кәсіби-сержанттарды даярлау)

 

5. Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі, Астана қаласы. (6-сыныптан кейін)

 

6. Дарынды балаларға арналған «Арыстан» лицейі. Алматы облысы, Талғар ауданы (7-8 сыныптан кейін)

 

Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген талапкерлер медициналық куәландырудан, кәсіби  психологиялық іріктеуден, дене даярлығын тексеруден өтеді және математика, физика (таңдау пәні), Қазақстан тарихы, орыс тілі немесе қазақ тілінен тест тапсырады.

Жоғары әскери оқу орындарына азаматтық жастар қатарынан, оқуға  қабылдау күні 17 жасқа толған, бірақ 21 жастан аспаған және 24 жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтар, «Жас  ұлан» республикалық мектебінің және республикалық  әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері қабылданады. Әскери оқу орындарына  түсуге  ниет  білдірген азаматтық жастар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі қалалық, аудандық басқарма бөлімдерге (басқармаға) оқуға түсу жылының 1 мамыр айына дейін арыз береді.

Жоғары оқу орнындарына түсуге  азаматтық жастар қатарынан алдын ала кәсіби іріктеу қорғаныс  істері жөніндегі қалалық, аудандық басқарма бөлімдерде оқуға түсу жылының 1 маусым айына дейін жүргізіледі.

Жоғары оқу орнындарына оқуға түсуге жіберуге лайықты және таңдап алған әскери оқу орындарына бірінші медициналық куәландыру кезінде дәрігерлік  комиссиямен оқуға жарамды деп танылған кандидаттарға белгіленген үлгімен тиісті медициналық құжаттар ресімделеді.

Үміткерлер  әскери  жоғары оқу орындарына түсетін емтихандарды тапсыру үшін  хат арқылы хабарландыру және әскери оқу мекемесінің шақыруы бойынша келеді. Әскери оқу орнына түсу үшін келген  үміткерлер жатаханамен және үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Үміткерлер дене шынықтыру дайындығынан, әскери-кәсіптік бағыттағы  психологиялық  сараптамадан, медициналық комиссияның тексерісінен өтеді. ҰБТ немесе кешендік тестілеу үміткерлердің  қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Кешендік тестілеуден өтетін үміткерлер  міндетті түрде қандай тілде емтихан тапсыратындарын хабарлауы керек.

ҰБТ мынадай жалпы білім беру пәндерінен жүргізіледі:

— математика;

— физика;

— қазақстан тарихы;

— қазақ немесе орыс тілдері;

Кәсіптік айқындаушы пән – физика.

ҰБТ немесе кешендік  тестілеудің нәтижелері бойынша 50 және одан жоғары балл алған үміткерлер келесі емтихандарды  тапсыруға  жіберіледі. Кәсіби пән бойынша 10 балдан кем емес ұпай алу  қажет. Жоғары әскери оқу орнына курсанттар қатарына кешенді тестілеуден, дене шынықтыру дайындығынан, медициналық комиссияның сараптамасынан өткен, кәсіптік таңдаудың барлық көркеткіштерінен қанағаттанарлық нәтиже көрсеткен үміткерлер қабылдау комиссиясының шешімімен қабылданады.

Емтихан нәтижесі бірдей болған жағдайда жоғары әскери оқу орнына қабылдануға айрықша құқығы бар үміткерлер:

1. үздік дипломы немесе аттестаты бар үміткерлер.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен («Отан»,  «Айбын»  ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен) марапатталған адамдар;

3. жетім балалар, әке-шешелерінің қамқорлығынсыз қалған балалар.

Жоғары әскери оқу орындарына тиімді оқу және сапалы жоғары білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Курсанттар жақсы жабдықталған әскери жатақханаларға орналастырылған, спорт залы, стадион, атқыш тирі, клуб, далалық оқу орталығы, лазарет, асхана және басқа да қажетті нысандар бар. Оқу корпустары дәрісханалармен, арнайы сыныптармен және зертханаларымен жабдықталған, курсанттар үшін компьютерлік сыныптар, оқу залы мен кітапхана жұмыс істейді. Жоғары әскери оқу орындарында оқу мерзімі — 4 жыл. Оқу мерзімінде курсанттар үш мезгілді тегін тамақтанумен, ақшалай қаражатпен, киім-кешек жабдығымен, ақысыз дәрігерлік тексерілу және қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын жазда 30 тәуліктік және қыста 14 тәуліктік демалыс мерзімі беріліп тұрады. Қыстық және жазғы кезекті демалыс мерзіміне бару және қайту жол ақысы тегін. Жоғары оқу орнына түскен курсанттармен 10 жылға әскери қызметті өтеу туралы келісім-шарт жасалады, жоғары оқу орны түлектеріне «лейтенант» әскери атағы беріледі, түлектер әрі қарай қызметті өтеу үшін Қазақстан Республикасының қалаларында орналасқан әскери бөлімдерге жіберіледі.

Елбасының Жарлығымен биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап, әскери қызметшілерге әскери атақтары үшін төленетін еңбекақы мен сыныптық біліктіліктері үшін төленетін үстемеақы көбейіп отыр. Қорғаныс министрлігі «әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетін» әзірлеуде. Ол — әскери қызметтің беделін арттыруға және әскери қызметшілер үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге арналған құжат. Қорыта айтқанда, әскери адамдар Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан ұдайы қамқорлықты сезінуде.

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті Қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімдеріне (әскери комиссариаттарға) жолығуларыңызға болады.

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы: 8 (7122) 51-56-42, 51-56-48;

 Қорғаныс істері жөніндегі департаменті: 8 (7122) 32-65-40, 49-07-12, 32-32-21 байланыс телефондары арқылы ақпарат алуға болады.

Руслан НИЕТАЛИЕВ.

Атырау облысының Қорғаныс істері

жөніндегі департамент бастығы, подполковник.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button