Атырау облысы әкімінің білім гранты енді колледж түлектеріне де тағайындалмақ

Білім Жаңалықтар

Atr.kz/21 қараша, 2019 жыл. Жас мамандарды қолдау мақсатында Атырау облысы әкімі тарапынан бөлінетін грант енді колледж  түлектеріне де беріледі. Бұл туралы бүгін республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев айтты.

Облыс әкімінің қабылдауына келген жалғыз басты ана Ғалия Рахметқызы Құрманғазы ауданының тумасы. Ұлы Ресейдің Астрахан қаласына қарасты медициналық коллежді аяқтаған. Қазір Құрманғазы ауданында фельдшер. «Енді ұлыма жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға мүмкіндік берсеңіздер» деген тұрғынның мәселесіне байланысты аймақ басшысы жергілікті мамандарға грант бөлу жобасына өзгерістер енетінін мәлімдеді.

«2017 жылы 35, 2018 жылы 53,  2019 жылы 80-нің үстінде дәрігер маманға білім алу үшін  грант бөлінді. Шарт бойынша мамандар оқуын аяқтаған соң жергілікті өңірде жұмыс істеуі керек. Және грант бөлінетін түлектің ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан жинаған баллдық көрсеткіші жоғары болуы шарт.

Біз бұған дейін мектеп түлектеріне ғана грант бөліп келдік. Енді, облыстық мәслихат тарапынан колледж түлектеріне де осындай мүмкіндік сыйлау ұсынылып отыр. Осы мақсатта қолданыстағы ережеге өзгеріс енгізіледі. Ал, грант бойынша оқығысы келетін жастар сынаққа жақсылап дайындалуы қажет» деді аймақ басшысы қабылдау кезінде.

Еске сала кетелік, Мемлекет Басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында жүктеген міндеттерді орындау мақсатында кеше елімізде Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған