Атырауда ерлер мен әйелдер арасында асық ату және бес асықтан Қазақстан Республикасы кубогінің ашылу салтанаты өтті  

0fffd309 05e3 4bde a22a bbd78fe0ef6e Спорт

Алғашқы рет Атырауда ерлер мен әйелдер арасында асық ату және бес асықтан Қазақстан Республикасы кубогінің ашылу салтанаты өтті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Іс-шара Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысы әкімдігі және Асық ату республикалық федерациясының ұйымдастыруымен өтті . Жарысқа асық атудан 36,бес асықтан 32 спортшы қатысуда. Негізгі мақсат «Асық ату» ұлттық ойынын насихаттау, ұлттық спортты дамыту.Іс-шараға арнайы Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова және Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясының Вице-Президенті Жомарт Сабыржанов қатысты.

– Құрметті қонақтар және де спортшылар сіздерді бүгінгі облысымызда алғашқы рет өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасында асық ату және бес асықтан Қазақстан Республикасы кубогінің ашылу салтанатымен құттықтаймын.Ұлттық ойындарымызды дәрептейтін бұл жарыс жоғары деңгейде өтетіне сенімдімін.Барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремен .Спортшыларға сәттілік деді Н.Төлеуова.

Айта кетейік тартысты дода екі күнге созылады. 1 қараша күні жарыстың жеңімпаздары белгілі болатын болады. Келем деушілерге «Геолог» спорт кешеніне кіру тегін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз