Мамандығым – мақтанышым

Mamandyi yim ma tanyishyim Шаһар шырайы

Осыдан 23 жыл бұрын Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ақжарқын азаматша қызметке келіп, ұжымға тез үйренісіп кетті. Жамал Исмадьярова 1995 жылдары қорғаныс істері жөніндегі департаментке есепші болып қызметке тұрады. Содан бері өз мамандығының майталманы екенін дәлелдеп келеді.

Мамандығым – мақтанышым

«Әскери орта тәртіпті қажет етеді. Тым кештетіп жұмыс істеген күндерім болды. Есепші маманының маңыздылығын түсінетін отбасым мені әрдайым қолдап отырады. Әріптестерім өте тату, ұйымшыл, ақкөңіл жандар. Осындай ортада жүргенімнің өзі мені бақытты етеді», – дейді өз ісінің білікті маманы.

Бүгінде әлем технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жамал апай да іс тәжірибесінің алғашқы кезеңі мен қазіргі жаңашылдықтарды жұмыс барысында салыстырып отырады.

– Ең басты айырмашылық бұл – цифрлық жүйенің орнауы. Қазір барлық іс-қағаздар, негізгі құжаттар компьютерде теріледі, әрі оны кез келген маман пайдалана алуы шарт. Ал, алғашқы жылдарымда мұндай жүйе жоқ-ты. Іс-қағаздары қолмен жазылатын немесе жазу машинкасымен теріп жаза беретінбіз. Заманның ағымына сай ілесе отырып, мен де бұл жүйеге әбден машықтанып алдым. Оның үстіне бүгінгі таңда цифрландыру жобасы – Елбасымыздың Жолдауындағы міндеттердің бірі болып саналады, – дейді ол.

Малика ТАКЕЖАНОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз