Баннер 9 мая от газеты Атырау

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

299155189 619273173242357 5233238739304242665 n Саясат

ҚАНАТ ӘЗМҰХАНОВ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.

Күні бүгінге дейін Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Қанат Әзмұханов Атырау қаласында дүниеге келген. Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген, Ресей Федерациясының Астрахан мемлекеттік университеті – құқықтану магистрі, Орталық Богемиялық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институты – іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.

Еңбек жолын «Жүзе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі,заңгер болып бастаған. «КаспианПроджектСервисез» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС бас директоры;Атырау облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.«KazTransOil-Logistik» ЖШС директоры,«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, «Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры,Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры,Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдады.

«Облыстық ішкі саясат басқармасының» фейсбук парақшасынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз