Атырау мұнай өңдеу зауытында референдум тақырыбы қозғалды

img 20220524 151142 Саясат

Атырау мұнай өңдеу зауытында  республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев онлайн байланысқа шығып, аталған кәсіпорын қызметкерлеріне алда өтетін референдумның өту себебі мен мақсатын түсіндірді.

«Референудмның басты мақсаты – мемлекетітк басқару жүйесін демократияландыру. Президент билігін ықшамдап, Парламент құзыретін кеңейту. Сол сияқты, саяси партияларға қойылатын шектеулерді азайту. Өкінішке қарай, еңбек құқығының бұзылуына байланысты шығарылатын сот шешімдерінің 50 пайыздан көбісі жұмыс берушілердің пайдасына шешіліп жатады. Сондықтан референдум арқылы бұл мәселе де өз шешімін табады деп сенеміз» деді ол.

Сондай-ақ, шараға аталған бірлестіктің Атырау облысындағы төраға орынбасары Еділ Ұзақбай және «Азаматтық орталық» мекемесінің басшысы Жанат Досқалиева қатысып, жұмысшылардың құқығын қорғайтын нақты қандай баптарға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып өтті.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз