4 адам қаза тауып, 71-і аман қалды (+ВИДЕО)

73665f7a0c3597c2a Құқық

Атырау қаласында жыл басынан бері 4000-ға жуық ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың негізі мақсаты – жүргізушілер арасында көлік тәртібін дұрыстау, авариялық жағдайларды азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу болып отыр.

Ағымдағы жылдың жеті айында маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 1700-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 174 жүргізуші, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 318 жүргізуші ұсталды. Өңірдің автожолдарында алты айда 70 жол-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тауып, 71 азамат жарақат алды.

Негізінен жол апаттарының себептері: жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тапты. 37 адам түрлі жарақат алды.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз