29 сәуірде Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына оралады

2022 08 15 9d1ac2a5 9aad 4166 86de c4ace8b36bbf 1.jpg.630x410 q85 crop 1 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, – деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

-Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты, 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн-форматта жалғастыра алады.

Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз