Жол-көлік оқиғасында жасөспірім қаза болды

screenshot 20240426 210022 whatsapp Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Құрманғазы-Луговая көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір жасөспірім қаза болды. Аталған дерек 26 сәуір күні 18 сағат 30 минут шамасында тіркелді.

Атырау қалалық полиция басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, аталған мекен-жайда 1979 жылы туған жүргізуші маркасы Toyota Ipsum автокөлігімен солға бұрылу кезінде қарама-қарсы келе жатқан мопед көлік құралының 2008 жылы туған жүргізушісіне соқтығысқан.

Салдарынан мопедтің 2006 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз