ЖЕДЕЛДІКТІ КӨРСЕТКЕН «ЖЕР-2014»

республикалық  командалық-штабтық  жаттығуынан  осындай  ой  түйдік

11-12 қыркүйеккүндеріҚРҮкіметбасшысыныңөкімімен, Ішкіістерминистрлігініңжалпыбасшылығыменелімізде «Жер-2014» депаталатынреспубликалықкомандалық-штабтық  жаттығуыөткізілді.

 

«Басқару органдарының және төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жою жөніндегі мемлекеттік жүйе күштерінің Шығыс Қазақстан облысында орын алуы ықтимал күшті жер сілкінісінің зардаптарын ауыздықтауға дайындығы» тақырыбында ұйымдастырылған осынау маңызды іс-шараға Атырау облысының тиісті құрылымдары қатыстырылды.

Аймақта өткізілген республикалық маңыздылықтағы іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев пен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаров жетекшілік етіп, басшылық жасады. Оқу-жаттығу шараларының шымылдығы оған қатысушы жасақтар мен топтардың салтанатты саптық байқауымен ашылды.

Бірінші кезеңде олар шартты түрде берілген тапсырмаға сәйкес, Алматы мен Алматы облысында болуы болжамдалған жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою бағытында өздеріне жүктелген міндеттерді мейлінше жедел әрі дер мезгілінде орындау мүмкіндіктерін сарапқа салды. Төтенше жағдай қаупі төнген кезде тұрғын халықтың шығын деңгейін төмендетудің алғы кезектегі шараларын жүзеге асырумен айналысты. Осыған байланысты орталықтан берілген «Апат-999» дабыл белгісі бойынша жаттығуға қатысушы күштер мен құрылымдар ортақ міндетті орындауға жұмылдырылды.

Екінші кезеңде де өздерінің жедел қимылдарымен және шұғыл әрекеттерімен көзге түскен жаттығуға қатысушы жасақтар жоғарыдан берілген команда мен бұйрықты бұлжытпай орындап шықты.

Бір сөзбен түйіндегенде, «Жер-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы атыраулықтардың да жеделділігі мен жинақылығын, қандай жағдайда да шұғыл әрекеттенуге қабілет-қауқарының жеткілікті екендігін аңғартты. Бұл жайында  іс-шараның өткізілу барысын тиянақтаған қорытынды жиында да баяндалды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суреттерде: Атырауда ұйымдастырылған республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуынан көріністер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз