Жаныңда жүр жақсы адам

pshgnshn Қоғам

Өткен жексенбіде  «Жанында жүр жақсы адам» дәстүрлі жобасы аясында қалалық кітапханада елімізге танымал меценат Нұржан Ермұхановпен тамаша  кездесу болды. 

«Кез келген шарасыздықтан, қиындықтан шығуға жол бар, Алла бізге таңдау мүмкіндігін берді, демек сен екі жолдың бірін таңдайсың, я өшесің, я өсесің, ол өз қолыңда. Мен әлемді бір көзбен аралағанмын. Аурушаң болуыма байланысты спортты тастауыма тура келді, өзім ала алмаған жеңісті қазақ балалары алсын деп сонау 95-ші жылдары спорт мектебін, спорт алаңдарын жасауға тырыстым» дейді.

Бүгін сол кезде көрген қиыншылығын күліп айтып берді, ал бұл күлкінің астында қаншама ауыр еңбек, тауы шағылған мұң, алған бетімнен қайтпаймын деген жігерлік пен елге деген махаббат жатқанын түсіндік.

Кездесу барысында Нұржан мырза өз өмір жолына тоқталып,волонтерлардың қойған сан қилы сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында  еріктілерге “Өмірге ғашық болу”атты  кітап сыйлады.

Бақыт Астанай,

Азаматтық орталықтың медиа маманы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз