ЖАҒЫПАРОВТЫҢ ЖЕҢІСІ

Ақтөбе қаласында ережесіз жекпе-жектен ММА дүниежүзілік қауымдастығы Азия дивизионының кәсіпқой халықаралық турнирі болып өтті. Қазақстандық панкратионшылар Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Ресейден  келген  жекпе-жек  шеберлерімен күш сынасты.

 

«Номадтар шайқасы – 6» бәсекесінде өнер көрсеткендердің сапында жерлесіміз, панкратионнан 2012 жылы Грецияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Самат Жағыпаров та болды. Самат өз қарсыласы Қостанай қаласының өкілі, 2013 жылғы Қазақстан чемпионы Владимир Бялобжитскийді айқын басымдықпен ұтып, 65 келі салмақ дәрежесіндегі өзінің кезекті жеңісін тойлады.

Жерлесімізге алдағы байрақты бәсекелерде де сәттілік серік болғай деп тілейміз.

Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз