АУХАТЫҢ ҚАЛАЙ, ӘСКЕР?

 Батыс аймағының әскери прокуратурасы Атырау гарнизоны әскери қызметкерлерінің толық және сапалы тамақтануын ұдайы назарда ұстайды. Себебі, әскери қызметкердің кәсіби  дайындығы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының дұрыстығына байланысты болатыны бәрімізге мәлім.

 

Аймақ прокуратурасының осы бағыттағы жүргізген тексерістері бойынша енгізілген прокурорлық әсер ету шараларының нәтижесімен анықталған кемшіліктердің шаралары алынуда. Мысалға алсақ, Атырау гарнизоны бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери үш бөлімнің жеке құрамы тамақтанатын асхана кезекті жөндеуден өтсе, 31707 әскери бөлімнің асханасына күрделі жөндеу жүргізіліп, тұтас жаңадан заманауи құралдармен жабдықталды. ҚР-ның Ішкі істер министрлігінің Ішкі Әскер комитетінің 5546 әскери бөлімінің асханасы да күрделі жөндеуден өтті. Асхананың канализациялық құбырлары, ауа баптағыштары және ішкі өндірістік үй-жайлар толық жаңартылды. 

Аймақ прокуратурасы жергілікті санитариялық органдардың мамандары арқылы әскери бөлімдердегі асханалар мен азық-түлік сақтайтын қоймалардың санитарлық жағдайын ұдайы бірігіп тексеріп отырады. Әскери бөлімдердің басым бөлігін тамақтандыру мәселесімен жеке кәсіпкер айналысады. Бұл тұрғыда  біріккен кеңестер өткізіліп, туындаған мәселелерді уақытында шешу үрдіске айналған.

«Ас – адамның арқауы» дейді халық даналығы. Ендеше, Батыс аймағының әскери прокуратурасы әрдайым әскери қызметкердің ұрыс дайындығының сапасын арттыру және қолдау мақсатында тамақтанудың сапасы мен толыққанды болуына ұдайы көңіл бөледі және қадағалайды.

А.НҰРҒАЗЫҰЛЫ,

Батыс аймағы әскери

прокурорының көмекшісі,

әділет аға лейтенанты,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз