«АТЫРАУДЫҢ» КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Сенбі күні жанкүйерлер күннің аптап ыстығына қарамастан атыраулық және қызылордалық футболшылар арасындағы бәсекені көруге көптеп жиналды.

Ойынның 19 минутында Антон Чичулиннен допты алған Иван Иванович қарсыластар қақпасын бағындырып, Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын салды. Алғашқы тайм соңында «қайсарлықтар»  Ян Вороговскийдің көмегімен есепті теңестіріп әкетті.

Екінші таймда қауіпті сәттер көп болды. Кездесудің 52-минутында мұнайлы өлке командасының капитаны Стефан Эссаменың айып тепкісіне тамаша жауап берген Антон Григорьев командаға кезекті жеңісті сыйлады – 2:1.

Сөйтіп, өз алаңында үш ұпай еншілеген «атыраулықтар» турнирлік кестеде 2-ші орынға көтерілуге мүмкіндік алды.

А.СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз