Атырауға Covid-19 қарсы вакциналардың жаңа партиялары келді

6a052700eb8d679c512db1d29133e962 original.63821 Медицина

Өңірге «Спутник V» вакцинасының 28 600 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасының I компонентінің 18 600 мың дозасы және II компонентінің 10 000 дозасы аймақтық фармацевтикалық қоймаға жеткізілді.
Олар Атырау облысының барлық егу пункттеріне таратылады.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын аймаққа «QAZVAK» қазақстандық вакцинасының 990 дозасы келген болатын. Оны №4 және №5 емханаларда, сондай-ақ Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда егуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз