Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттауға маңыз бермек

istockphoto 1004522660 2048x2048 1 Мәдениет

Басқарма жанынан жаңа Дін мен дәстүр бөлімі құрылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз жұмысын ұлттық құндылықтарды насихаттауға қарай бұрмақ. Бұл ретте басқарма жанынан Дін мен дәстүр бөлімі құрылды. 

Сондай-ақ, ұлттық мереке Республика күніне орай, діни басқарма бірқатар ұлттық дәстүрді насихаттайтын шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Атап айтқанда, Орталық мешіт ауласында киіз үйлер тігіп, ұлттық ойындар ұйымдастырылмақ. Балаларға арнап батут пен ойын әткеншектерін қойылып, бүлдіршіндерге «Балаларға базарлық» тәттілерін мешіт алаңында таратылып, ұлттық нақышта қайырымдылық жәрмеңкелері өткізіледі. 

«Ұлттық мерекеміз Республика күніне орай арнайы мерекелік ролик әзірлеп, мешіттер ауласында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қолөнер өнімдері, каллиграфия көрмелерін жасау, мешіттер ауласында, саябақтарда жамағаттың көмегімен сенбілік жасау, еріктілердің көмегімен қарт кісілерге азық-түлік себеттерін үлестіруді тапсырамын. Ең үлкен шарамыз – Бас мешітте «Республика күніне орай Құран Кәрімді жатқа оқудан І Халықаралық байқау» өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ жанындағы Дін және дәстүр бөлімінің жетекшісі болып Нұрбек Есмағанбет тағайындалды. 

informburo.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз