«Мәңгілік жаса, Қазақстаным!»

6034c8d6 a68c 4568 b4de f218d5306ca4 Мәдениет

      Осындай атаумен  Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде өткен шара Республика күніне арналды. 

Музей қоры туындыларынан құралған көрменің мақсаты өскелең ұрпаққа сырлы бояумен салынған егемен еліміздің тарихын насихаттау болды.

      Көрмедегі жастардың патриоттық сезімдері оянып, қылқалам шеберлерінің шығармаларын қызығушылықпен тамашалады. Олар «Бізге мұрат еткен егемендікті қастерлеу, қадірлеу жастарға парыз» деген пікірлерімен бөлісті.

eea60676 ff78 465b a5e1 69ef33a75940

      Көрме қонақтары – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері  Ж.Аралбаевтың «Гүлденген өлке», И.Арыстановтың «Астана», Н.Қалиевтың «Бәйтерек», Т.Оразғалидың «Экспо-2017»,  М.Давлетьяровтың «Азияға апарар жол», С.Кәрібайдың «Атырау көрінісі», Ә.Жантасовтың «Махамбет-Исатай алаңы», Қ.Оразғалиевтың «Саябақ» және т.б. осы секілді туындыларын тамашалады.

 Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз