Дильназ – «Бала дауысы» жүлдегері

81681dab e354 4c3d b22d 7f8691c2a790 Мәдениет

ЖУЫРДА ӨТКЕН «БАЛА ДАУЫСЫ» ҰЛТТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНАН АТЫРАУЛЫҚ ДИЛЬНАЗ ЕЖІРОВА ЖҮЛДЕЛІ II ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ.

Аталған балалар арасындағы байқаудың 5 сәуір мен 15 мамыр аралығында қашықтан іріктеу кезеңі өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы 3 534 бала қатысып, бақ сынады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы 18 финалистті анықтап, оларға 1 маусым мен 20 қыркүйек аралығында вокал, актерлік шеберлік, фотосессия, телевизиялық роликтер түсіру бойынша сабақтар ұйымдастырылған болатын. Топтан озып, дүбірлі сайыста жүлдегер атанған Дильназ Ежірова Н . Т і л е н д и е в а т ы н д а ғ ы К і ш і өнер академиясының оқушысы.

1 1 ж а с а р ө н е р п а з ж а с ы н а н жоғары сопрана 1 дауысының иесі. Байқауда Мархаба Сәбидың «Қай заман» әнін орындап, ерекше дауысымен әділқазылар алқасын тамсандырып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Айта кетелік, 2016 жылдан басталған «Бала дауысы» байқауы еліміздің мәдени өміріндегі ең ірі оқиғалардың бірі болып табылады. Жоба музыкалық дарынды балаларды анықтап, оған қолдау көрсетуді, жаңа балалар әндері арқылы балалар музыкалық шығармашылығын жанжақты насихаттау және дамытуды мақсат етеді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз