«BURKIT арнайы жасақ» фильмі ертең көрерменге жол тартады

010e5522 16be 45f7 b294 3c02973031f7 Мәдениет

«BURKIT арнайы жасақ» атты көркемсуретті фильмі 2 қарашадан бастап көрерменге жол тартады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Көркемсуретті туынды 2022 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен түсірілген. Оған еліміздің ең танымал актерлері қатысып,  ҚР Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланы қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, экшн-қойылымдар мен трюктерге толы фильмнің түсіріліміне Ұлттық ұланның арнайы жасақ жауынгерлері, әскери техникасы мен авияциясы қатысқан.

Туынды авторларының басты мақсаты – кинокартинаның кейіпкерлері арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, Әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан арнайы жасағының қызметі арқылы Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттерін көрерменге жеткізу болып табылады.

Кинотуынды арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығын көрсетеді. Олардың атқаратын күнделікті тапсырмалары қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болып табылады. Сондай бір қылмысқа қарсы текетіресте жауынгерлерге өз достығын сынауға тура келеді.

Фильмнің премьерасы ағымдағы жылдың 2 қарашасында басталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз