Бейбарыста газ желісі жүргізілді

screenshot 20220523 170636 Экономика

Бейбарыс ауылының жаңа мөлтек аудандарында газ желілерінің құрылысы аяқталды.

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 492 млн. теңгені  құрады. Өткен жылы Ұлттық қор есебінен берілетін трансферттерден дайын тұрған жобалар бойынша Бейбарыс, Таңдай ауылдарындағы электр және газ желісі мен Алға ауылының электр, газ, су желілерінің құрылыс жұмыстарына тиісті қаржы қаралып, жұмыстар жүруде.

– Қазіргі уақытта Бейбарыс ауылының жаңа мөлтек аудандарына газ желілерінің құрылысы толық аяқталып, қабылданды. Бұған қоса Махамбет ауылының «Мерей» мөлтек ауданына және Жалғансай ауылына электр желілерінің құрылысын салу жобасына жергілікті бюджет қаржысы есебінен- 100,0 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Жоба барысында Жалғансай ауылында 150, Махамбет ауылының «Мерей» мөлтек ауданында 1260 және басқа да жаңа мөлтек аудандарға 2362 жаңа жер телімдерін беру мүмкіндігі қаралатын болады, деді Р.Жанқылыш.

Сонымен қатар оның айтуынша, Махамбет ауылынан 60 пәтерлік 3 қатарлы 1 тұрғын үй, 36 пәтерлік 3 тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өтті.
Сондай-ақ, ол аталған көп қабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдар жүргізу үшін жоба жасақталып, сараптамадан өткенін жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз