Теңізде ахуал күрделі: Атырау облысында 51 адамнан коронавирус анықталды

unnamed file 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында өткен тәулікте 51 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


 Атырау облысының эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 32 жұмысшыдан, Жылыой -2, Қызылқоға-3, Мақат ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында  ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 39 науқас  емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 238 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  103  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 34,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 716 адам ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз