«ЕЛІМ ДЕЙТІН ҰЛАНБЫЗ!»

Мәңгілік ел болудың анық кепілі – өз ұлтын сүйіп, өзге ұлттарды қадірлейтін, елінің ертеңіне қызмет ететін жастарды тәрбиелеу десек, осынау ұлы мұрат  жолында ана тіліміз бен әдебиетімізден дәріс беретін ұстаздар жауапкершілігі бүгінгі таңда аса жоғары болып отыр. 

 

Біздің Махамбет атындағы орта мектепте жақында ғана ұйымшылдықпен өткен «Елім дейтін ұланбыз!» жас ақындар айтысы ауылдастарымызға жақсы көңіл-күй, шадыман шаттық сыйлағанының куәсі болдық.

Осы айтыста бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Мәңгілік елдікті, азаттық жолында күрескен Махамбетті, Малайсары биді, Мұратты, Абылайды, бүгінгі өміріміздегі жетістік пен кемшілікті жырға қосқан бала ақындар А.Есенова, А.Азаматқызы (жетекшісі Ф.Фазылова), М.Жолдасов, Ж.Ергенбай (жетекшісі А.Қайырлиева), А.Байғалиқызы, Е.Құмаров (жетекшісі А.Бағыт), Ш.Серікжанов, П.Төлеуғалиев (жетекшісі М.Махметова) көрермендердің ықыласына бөленді.

Айтыс нәтижесінде жеңімпаз атанған Шерхан Серікжанов пен екінші жүлдегер Парасат Төлеуғалиев алдағы айларда өтетін аудандық «Елім дейтін ұланбыз!» жас ақындар айтысына жолдама алып, ауылдастарын бір қуантып тастады.

Амантай  БАҒЫТ,

Махамбет атындағы орта мектептің мұғалімі,

Индер  ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз