АМӨЗ: 100 бала мектепке дайындықпен қамтылды (+ФОТО)

img 20220902 wa0004 Білім

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда Атырау мұнай өңдеу зауыты 100 балаға мектепке арналған қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табыстады.

Дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық іс-шарасына Атырау мұнай өңдеу зауыты осымен жеті жыл қатарынан қосылуды ұйғарды. Осы айдың 29-шы жұлдызында АМӨЗ ата-аналар мен балаларды «Amanat» партиясы облыстық филиалының кеңсесінде жинап, Білім күнімен құттықтап 100 балаға сертификат табыс етті. Соңғы жылдары «Мектепке жол» республикалық акциясы ата-аналар үшін қолжетімді көмекке айналды. Бір отбасыда мектепке баратын балалар саны бірнеше болса, балаларды мектепке дайындауға бөлінетін қаражат қомақты соманы құрайтынын айтты ата-аналар. Ал, биыл қалалық балалармен қатар Атырау өңірінің аудандарындағы балалар да айтылған сертификаттармен қамтылды.

– Өйткені, АМӨЗ – Атыраудағы ірі бастауыш партия ұйымдарының бірі, – деп бұл керемет іс-әрекетті «Amanat» партиясының Атырау облыстық филиалының жауапты хатшысы Абдолла Идресов түсіндірді.

Қазіргі акцияның бұрынғылардан айырмашылығы – Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы балалар дүкенінен мектепке қажетті заттарды сатып алуға сертификат бөлу туралы шешім қабылдады.

– Бұрындары бұл шара шеңберінде алынған заттардың кейбір кезде өлшемдері балаларға сәйкес келмейтіні, немесе ата-аналар ұнатпайтыны анықталған еді. Алынған тәжірибемізді ескере отырып, биыл сертификаттарды сатып алған дұрыс деген қорытындыға келдік, солайша ата-аналар балаларына қалағанын сатып ала алады, – деп өз ойымен бөлісті «АМӨЗ» ЖШС жұмысшыларды басқару және ақы төлеу департаменті директорының м.а. Гүлнар Достанова. – Әр сертификат 20 мың теңгеден тұрады. Балалардың басым бөлігі қаланың тұрғындары және Махамбет ауданының жас тұрғындары да бар. Тізімдерді бізге қалалық білім бөлімі берді.

Сертификаттарды тапсырған «АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің директоры Серік Арыстан зауыт өзінің 77 жылдық тарихымен танымал екенін және аймақтың тек экономикасына ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өміріне де үлесін қосып отыратынын мәлімдеді: – АМӨЗ – әлеуметтік жауапты кәсіпорын. Біз әртүрлі қалалық акцияларға қатысамыз, мектеп оқушыларын тәрбиелеп отырған қызметкерлерімізге де көмек көрсетеміз, мысалы Білім күніне орай материалдық көмек төлейміз. Сонымен бірге, қаланың басқа да балаларын ұмытпаймыз.

АМӨЗ өкілдерінің айтуынша, жыл сайын қалада мұқтаж балалардың тізімі артып келеді. Биыл мұнай өңдеушілер «Мектепке жол» акциясы аясында мұнайлы өңірдің 100 баласына көмектесе алды. Әрине, ата-аналардан және облыстық білім басқармасы мен қала мектептерінің басшылығынан алғысын алды. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова аз қамтылған атыраулық балаларды мектепке дайындауға атсалысқан зауыт жұмысшыларына алғысын білдірді. Ал облыстық арнайы мектеп-интернат директоры Ләззат Төлепова Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына Алғыс хат табыс етті.

– Атырау мұнай өңдеу зауыты бізге жиі көмектеседі. Жаңа жыл қарсаңында тәттілер береді, басқа да үлкен мерекелерде үлесін қосып тұрады. Ал бүгін кейбір тәрбиеленушілерімізге балалар дүкенінің сертификаттары табыс етілді. Сол үшін оларға алғысымыз шексіз! – деді Л.Төлепова.

Тоғыз баланың анасы Раушан тіпті қуанып қалды: – Үлкен отбасы болғаны өте жақсы ғой. Бірақ кейде өзіңді шектеуге тура келеді, тіпті балаларды да. Біздің Исламбек биыл екінші сыныпқа барады, бірінші сыныпқа қарағанда көбірек шығын талап етіледі. Ең бастысы, ұлым 1 қыркүйекті күтуде. Оқу жылын аңсап жүр. Бүгін тағы бір қуаныш бар: АМӨЗ қызметкерлері Балалар әлеміне сертификат табыс етті, бұл үшін алғысымызды білдіреміз! Біз Махамбет ауданында тұрып, осылай назарға түсеміз деп ойламаппыз. Енді барып, тамаша оқу үшін қажет нәрсенің бәрін сатып аламыз.

Надежда ШИЛЬМАН,

Атырау

img 20220902 wa0001
img 20220902 wa0003
img 20220902 wa0005
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз