Жалақысы жоғары әрі дипломды талап етпейтін мамандықтар

дипломы Жаңалықтар

Елімізде қандай мамандықтар дипломды талап етпей-ақ жоғары табыс табуға мүмкіндік береді?

дипломы

Мәселен, жақсы шебер айына 150 мыңнан астам қаражат таба алады. Егер кәсібіңізді жақсы дамытып кетсеңіз, жұмысыңыздың өзі-ақ дөңгеленіп сала беретіні анық. Өзіңіздің бұл жұмысқа қызығушылығың болса, сізге ғаламтор желілері көмектеседі.

Бұл қатарға да слесарь-сантехниктерді де жатқызамыз. Өйткені, тұрмыста бұл маман иелеріне көп адам зәру болады. Біле білсеңіз, слесарь-сантехниктердің айлығы 100-150 мың теңгеден кем емес.

Табысты мамандықтың бірі – дәнекерлеуші. Металл дәнекерлеу қолыңыздан келсе, күніне 4-5 мың теңге көлемінде табыс табуыңызға болады.

Сондай-ақ, табысты фотограф, видеограф үшін дипломның мүлде керегі жоқ. Той-думанды сүйетін қазақ халқының ортасында олардың жұмысы әрдайым сұранысқа ие. Білікті мамандар бір той түсіріліміне 200 мың теңгеден табыс табады.

Әрине, электрик қызметкері әр үйге қажет. Мұндай қызметке мұқтаж қаншама кәсіпорын, мекемелерді де ескеріңіз. Жақсы электриктер айына 150 мың теңгеден табады.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз