ТЕКТІЛІК теоремасы (очерк)

Жаңалықтар Журналистік зерделеу Тұлға

Аtr.kz/6 маусым, 2020 жыл.  …Өз басым Рзабектен бұрын оның әкесі Дәуіт ақсақалды жақсы білуші едім. Осы облыстық газеттегі қызметімді бастағаныма бес-алты жылдай ғана болған. Жастық жігермен бұрқырата жазып жүрген кезім.

Бір күні редакцияға өзін «Дәуіт Артығалиев деген ағаңмын» деп таныстырған егде тартқан кісі келіп: – Шырағым, жазғандарыңды қалт жібермей оқып жүрмін, бағытың жаман емес, – деп өз бұйымтайын айтты. Сөйтсем, әкесі Ыбырай саяси қуғын-сүргін құрбаны екен. Әділетсіздіктің ащы уын татқан, нақақтан күйген сол боздақ хақында мақала жазуымды өтінді. Дәуіт ағамыздың берген мәліметтері мен құжаттары негізінде очерк жазылып, газетте жарияланды. Содан бастап ақсақалмен етене жақындасып, тіпті Құлсары шаhарына жол түскенде үйінде қонақ та болып, балалары Муса, Рзабектермен таныс бола бастадық…

Міне, бұдан отыз жылдай бұрын атасы туралы қалам тартсам, енді немересі хақында жазудың сәті түскеніне қуанып та, таңырқап та отырмын. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы!

ЖЫЛЫОЙДАН ҰШҚАН ЖАМПОЗ

Бір ғажабы, кеңестік дәуірде түрлі мекемелерде б а с ш ы л ы қ қызметтер атқарған Дәуіт Ыбырайұлының ұлдарының тағдыр-талайына да осынау сабақтастық дәстүрі жарасымды жазылды. Ата-тегінен қазбаласақ, есімдері ел аузында ерекше аталатын Тұманшы, Бимырза, Шүйіншәлі, Артығалы билердің ұрпағы ғой. Дәуіт ақсақал көне ш е ж і р е д е н с ы р т о л ғ а п , ұлдарына ылғи да «біз әділ төрелік жасаған, сол арқылы х а л ы қ с ү й і с п е н ш і л і г і н е б ө л е н г е н б и л е р д і ң ұрпағымыз, сендер де жалған сөйлемеңдер, адалдықтың ақ жібін аттамаңдар» деп құлақтарына құйып отыратын.

Ал, Дәукеңнің жары, балаларының анасы Ақзер апа да – елу жылға жуық мектепте мұғалім болған, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері. О т а ғ а с ы н а р д а қ т ұ т ы п , ұрпағына ұлағат болатындай кітап та жазған. Осындай ата-анадан тәлім алған, зиялы жанұяда тәрбиеленген, ел жадында жатталған билердің сарқытындай өрендердің өрелі болуы заңды да! Міне, Рзабек те орта мектепті бітірісімен Алматыдағы энергетика институтында жоғары білім алды, әскери борышын өтеді. Мамандығы бойынша алғашқы еңбек жолын электр монтері болып бастады.

Жігерлі жас Майкөмген, Теңіз, Құлсарыдағы подстансаларды іске қосуға атсалысты. Ембі электр жүйелері кәсіпорнында жұмыс жасап жүрген жас маманның іскерлігі мен ізденгіштігі назарға ілінбей қалмады. Ол аудандық партия комитетіне қызметке шақырылды. Бұл атақты Теңіз кенішіне әлем көз тіккен кез еді. А у д а н д ы қ п а р т и я комитетінде өндірістік мекемелерге басшылық жасау міндеті жүктелген Рзабек Теңіз кенішіне үй сыпырушы, аспаз, автомашина жүргізушісіне дейін сырттан әкелініп, бұл жергілікті жұрттың наразылығын тудырып жатқанын аупартком бюросына мәселе етіп шығарып, бұл проблеманың оңды шешімін табуына қол жеткізді. Мұндай батылдық басшыларды тәнті ете түсті.

Сөйтіп, ол Ленинград жоғары п а р т и я м е к т е б і н е о қ у ғ а жіберілді. Нева жағалауындағы әсем қаладағы оқу кеңестік қайта құру кезеңімен тұспа-тұс келіп еді. Рзабек мұнда Собчак, Гаврилов, Попов сынды саяси лидерлердің лекцияла рын тыңдап, дүниетанымын жан-жақты байытты. Оқудан кейін Жылыой аудандық партия комитетіне ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып оралды.

Алайда, білімді д е , ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ қ а б і л е т і е р е к ш е ж і г і т т і «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігі басшыла – ры аттай қалап шақырды. Б ұ л Р з а б е к т і ң і с к е р л і к қырларының жарқырай танылуына жол ашылған қадам болды. Өйткені, енді аты әлемге әйгілі Теңіз кенішінің өткір мәселелерімен тікелей а й н а л ы с у ғ а т у р а к е л д і . Әсіресе, электрмен қамту, өндірілген мұнайды өңдеу, бірлестік жұмысшыларын жалақымен қамту сияқты ең өзекті проблемаларды оңтайлы шеше білді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өз ұлттық кадрларымызды іздестіріп, «қай жақта кім бар?» деп отырған шақ қой. 1996 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытына директордың орынбасары қызметіне шақырылды. Бір жылдан кейін «Қазақойл» компаниясына департамент менеджері, «ҚазақойлКоммерция» ЖШС Павлодар өкілдігінің директоры болып тағайындалды. Мұнда да белсене іске кіріскен Рзабекті тағы да бір жылдан соң Атырау облысының сол кездегі әкімі Равиль Шырдабаев Жылыой ауданына әкім болуға шақырды. Бұл жолы көп ойланды, көп толғанды.

Ақыры, әкесі Дәуіттің кеңесіне жүгінді. Көпті көрген, басшылық тәжірибесі мол Дәукең: – Әрине, менің қасыма келгеніңді жаным қалайды. Бірақ, қазір қиындау кезең, өзің ойланып шеш, – деп ұлына сенім артты. Әке сөзінің жаны бар. Сол 1998 жылдың қарашасында ел тұрмысы жүдеулеу еді. Өз алдымызға тәуелсіздігімізді алғанымызбен, кеңес заманынан қалған күйреген экономика, қиранды зауыт-фабрикалар бұқара еңсесін бірден көтеріп кетуге қауқарсыз болатын. Айлап жалақы, зейнетақы, жәрдемақы алмау, жарық, су, жылу проблемалары тұрғындарды титықтатып жіберген шақ. Осының бәрін ой елегінен өткізіп, сана сарабына салып зерделеген Рзабек «нартәуекел» деп бірақ шешті.

Ғасырға жуық «қара алтын» өндірген Жылыой өңірінің мұндай күлдікөмеш күйі жас әкімді айрықша толғандырды. «Іргесінде мұнайдың бұлағын ағызған Теңіз кенішінің атағы жер жарып тұр, жергілікті жұрт неге оның қайырын к ө р м е й д і ? Э к о л о г и я л ы қ зардабын тарту өз алдына, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалға бұл көл-көсір қазынаның шапағаты болуы керек қой…» деп шамырқанған ол батыл іске кірісті.

Ең алдымен ТШОмен берік байланыс орнатуды қолға алды. Бір күні Рзабек Дәуітұлы «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының бас директ о р ы Т о м У и н т е р т о н ғ а ауданның ұңғыл-шұңғылын түгел аралатып, жергілікті жұртшылықтың әлауқатымен, тыныстіршілігімен таныстырып шықты. Сонда ғана ауданның жағдайын салыстырмалы тұрғыда безбендеген шетелдік басшы: – Рзабек Дәуітұлы, бәрін де түсіндім, – деді бірден. – «Игілік» бағдарламасына қаралатын қаржыны осы жолы Жылыой ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға беремін…

О с ы л а й ш а , « И г і л і к » бағдарламасына қарасты 4 млн. доллар Жылыой ауданына бұйырып, бұл қаражат көпір салуға, су тасқынына қарсы шараларға және басқа да өзекті мәселелердің түйінін шешуге жұмсалды. Міне, осыдан кейін-ақ аудандық әкімдік пен ТШО басшылығы арасында өзара түсіністік ахуалы орнығып жүре берді. Аз уақыттың ішінде халықты жалақымен, азық-түлікпен, сумен және электр қуатымен қамтудың шешімін табуына қол жетті.

Сондай-ақ, жасы әлі қырыққа да толмаған әкім «Игілік» бағдарламасының Жылыой өңіріне шуағын төгуімен бірге, жергілікті мамандардың ТШО-ға және оның мердігер ұйымдарына жұмысқа қабылдануын да өзі қадағалап отырды…

ЫРЗА ҚЫЛҒАН РЗАБЕК

Ұшқыр уақыт адамды бір орында байырқалатып қойған ба, оның үстіне алымды да, алғыр, кіммен болса да тіл табысқыш та, батыл жанға назар аударылғыш келеді ғой.

Өздеріне тыным бермейтін жаңашыл жігіттің қандайма шаруаны шешудегі дипломатиялық шеберлігі «Теңізшевройл» басшыларын да тәнті етіп, олар өз кәсіпорындарына шақырудан танбады. Олардың б ұ л т а ң д а у ы н ы ң д ұ р ы с болғандығын Уақыт атты құдырет күні бүгінге дейін айна-қатесіз дәлелдеумен келеді. Рзабек Дәуітұлы ТШО-дағы жер пайдалану, жер қатынастары мәселесін қысқа мерзімде реттесе, Қоршаған ортаны қорғау бөлімі бас менеджерінің орынбасары ретінде күкіртті үйлестіру кеңесін құруды ұйымдастырушылардың бірі болды.

Қазір ол – ТШО-ның үкіметпен және жұртш ы л ы қ п е н б а й л а н ы с бөлімінің бас менеджері. Осы лауазымдағы Рзабек Артығалиевті арада өткен он жылдай үзілістен соң Теңіз кеніші басында көргенімде іштей сүйсінгенімді жасы­ра алмаймын. Ол бірлескен кәсіпорын жайында көсіле ой толғай алатын көшелі маманға, іскер де, білгір басшыға айналған.

– 2010 жылы ТШО мұнайшылары 25 миллион тоннадан астам «қара алтын» өндіргенін мақтанышпен айтуға болады, – деген еді сол жолы білікті менед­жер. – Алғашқы жылдар­да бір миллиондық межені бағындырудың өзі үлкен жеңіс болып көрінсе, өзіңіз байыптап қараңызшы, бұл цифр қалайша толғантпайды?

Ашығын айту керек, жур­налистер қауымын Теңіз кенішінде ауада босқа жанып тұрған газ мәселесі де ерекше толғандыратын. Осы орайда:

– Негізінен алғанда, бұл әуелден-ақ қоғамның ұдайы назарындағы мәселе болатын. 2009 жылдың соңында ТШО газды кәдеге жарату жөніндегі ерекше жобаны жүзеге асырды, соның нәтижесінде Қазақстанда тұңғыш рет ірі әрі технологиялық жағынан күрделі мұнай-газ кешенінде кәсіпорын жұмыс істегенде газды жағуды мүлде тоқтатты. Қазір шығарынды газдардың өндірілген 1 тонна мұнайға шаққандағы үлесі 2,15 келіні құрайды. Бұл – мұнай өнеркәсібіндегі әлемдік деңгейдегі көрсеткіш, – деп Рзабек Дәуітұлы бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойылғанын да атап айтты.

– Біздің компания Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі үздік әлеуметтік жобаларға арнап белгілеген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысып, бірнеше мәрте жүлдегер атанды, – деп сөзге араласты осы сәтте кәсіпорын қызметкері Гүлнәр Айтжанова. – Қазіргі таңда компанияда жылдық бюджеті 1 миллион доллар болатын әлеуметтік инвестициялық б а ғ д а р л а м а с ы ж ұ м ы с істейді. Оған қоса әлеуметтік бағдарламалар блогымыз жыл сайын дерлік жаңартылып келеді.

Бүгінде біз бір мезеттік көмек көрсету тәжірибесінен бас тартып, ТШО-ның әлеуметтік инвестицияла­рын – компанияның ортақ бизнес-стратегиясын жүзеге асырудамыз. Мұндай жүйе бізге белгілі бір әлеуметтік жобаларды бәсекелестік негізінде бағалап, іріктеп алуға мүмкіндік туғызып отыр. Қоғам тарапынан бұл бастама үлкен қолдауға ие болуда. Әлеуметтік бағдарламалар аясында жыл сайын Жылыой ауданының тұрғындары ара­сында салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімділігін арттырып келеміз.

Б ұ л ә ң г і м е л е р д е н б і з « Т е ң і з ш е в р о й л » кәсіпорнының облыс, еліміз үшін қыруар жұмыстар атқарғанын аңғарған едік. Айталық, кәсіпорын 2009 жылы Құлсары қаласындағы «Арт Лига» ұйымымен бірлесіп, жұмыссыз отырған жандарды қол өнері мен қолданбалы өнерге баулып, 125 азаматты жұмыспен қамтыған. Әлеуметтік бағдарламалар аясында қазақ тілін дамытуға да айрықша мән беріліпті. Зейнолла Қабдолов атындағы қормен қоян- қолтық жұмыс істеген кәсіпорын «Мен қазақша білемін» бағдарламасын жүзеге асы­рып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жол ашқанын біз сол қордың төрағасы, белгілі ақын Бе­кет Қарашиннің аузынан да естігенбіз.

Б ү г і н д е ұ л т т ы қ қ ұ н дыл ы қ т а р ы мыз ды ұ л ы қ т а п , ұ л т т ы қ мұраларымызды қайта ж а ң ғ ы р т у – б а с т ы мұратымыз. Осы орайда Рзабектің тікелей қолға алып, он екі жылдан бері ақындар ай­тысын жүйелі ұйымдастырып келе жатқандығы неге тұрады десеңізші! Қазақстан Жа­зушылар Одағы Атырау облыстық филиалының дирек­торы, белгілі ақын Қойшығұл Жылқышиевпен бірлесе бастаған бұл тың жоба – Рза­бек Дәуітұлының жыл сайын жетілдіре, мазмұнын байыта өткізер, әрі өзі бастан-аяқ қатысып, жүлдегерлерді ма­рапаттар өте құнды шараның бірі де бірегейі. Бұл айтысты ақындар да асыға күтеді, соның арқасында қаншама берен ай­тыскерлер ерен белестерге көтерілгенін дүйім ел көріп отыр. Әсіресе, Шалқарбай Ізбасаров, Серік Қойшығұлов, ағайынды Дәулекеновтер, Серікбол Панабердиев сынды ақ алмас ақындар жарқырай көрінді. Ол ол ма, мұнымен де тынбай, «Теңізшевройл» тұңғыш рет Атырауда жырау­лар сайысын өткізуге де ұйытқы болғанын да көзіміз көрді.

– Қазақтың домбырасы мен айтыс өнері – ең ежелгі мұралары ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Біз сөзден сурет салатын, әуеннен өрнек өретін ғажайып ай­тыс өнері арқылы қасиетті қара домбырамызды ұлықтап келеміз, бұл үрдіс жалғаса береді, – деп толғанады Рза­бек. Сондай-ақ, жыл сайын өңір журналистері арасында шығармашылық конкурсын өткізу де игі дәстүрге айнал­ды. Сол байқаулардың үш дүркін бас жүлдегері атанған осы жолдардың авторы да аталмыш конкурстың үздік туындыларды анықтаудағы және таланттарды танудағы мән-маңызы жоғары екендігін жете сезінгенін ағынан жары­ла айта алады.

Жақында жүздескенімізде ә р к е з с ө з і н н а қ т ы мәліметтермен өретін Рзабек Дәуітұлы «Теңізшевройл» компаниясы құрылған күнінен бастап Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жо­баларын (инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру саласын) дамытуға 2 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсағанын баяндады. Аймақ үшін аса маңызды жобаларды таңдап, қаржыландыруда облыстық әкімдікпен арада тығыз қарым- қатынас орнаған екен. Кезінде әлеуметтік бағдарламалар аясында өмірлік маңызы зор жобалар жүзеге асырылған – олардың қатарында Құлсары қаласының су тазалау және сумен жабдықтау жүйесін толықтай қайта жүргізу және Атырау қаласы мен өзге де елді мекендерді сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі келелі істерді атауға болады.

«Игілік» бағдарламасының биылғы бюджеті 25 милли­он долларды құрайды. Бұл қаражаттың негізгі үлесі А т ы р а у о б л ы с ы н д а ғ ы балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалмақ. Сондай-ақ, 2020 жылға денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және кәсіпкерлікті дамы­ту мақсатына ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Атырау және Маңғыстау облыстары­на 2,2 миллион АҚШ доллары­нан астам қаржы бөлініп отыр.

ВИРУСПЕН БЕТПЕ-БЕТ

Өрісті ынтымақтастық п е н ш ы н а й ы бауырластық қиын шақта сыналады. «Әлеуметтік жауапкершілікті жете сезіну – «Теңізшевройл» кәсіпорнының ең маңызды ұстанымдарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, корона­вирус пандемиясына байла­нысты төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап, ТШО бұл індетпен күрестің алдыңғы шебінен табылды, – деді Рза­бек Артығалиев. – Атырау облысына жалпы сомасы 4,6 миллион доллар демеушілік көмек берді. Наурыздың аяғында компаниямыз 1,3 мил­лиард теңгенің медициналық құрал-жабдықтарын сатып әперді, олардың ішінде меди­цина қызметкерлері үшін бір реттік қорғаныс костюмдері, респираторлық құралдар, реанимобиль және «жедел жәрдемнің» екі керуеті, тепло­визорлар бар…».

Бүкіл әлемді ығыр қылған індетке байланысты Аты­рауда орын алған мына бір оқиғаны да атап өткен жөн: Қарағандыға Варшавадан сту­денттер мінген ұшақ келіп қонғандығы туралы хабар келген. Жолаушылардың бір бөлігі – батыс Қазақстаннан. Атап айтқанда, 27-сі – Атыраудан, 19-ы – Батыс Қазақстан облысынан, ал­тауы – Маңғыстаудан. Қуанарлығы, Қарағандыда ар­найы тестіден өткен олардың денсаулығында кінәрат жоқ екен. Сол күні түнде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жедел штабтың отырысын өткізіп, жастарды үйлеріне жеткізуді шұғыл шешілуі тиіс мәселе етіп қойды.

Сонда «Теңізшевройл» кәсіпорны басшылығы студенттерді үйлеріне ұшақпен жеткізуге даяр екендіктерін мәлімдеді. С о н ы ң н ә т и ж е с і н д е М а ң ғ ы с т а у , А т ы р а у облыстарының студенттері үйлеріне аман-есен жеткізілді. Ұшақ ауқымы шағын болғандықтан, ТШО-ның бас директоры Имер Боннер қалған студенттерге де екінші мәрте ұшақ беретіндігін айт­ты. Сөйтіп, жастар Орал және Ақтөбеге де аман оралды. Мұның бәрін де кәсіпорын тегін атқарды…

Шынында да, пандемия­мен күресте бірлескен кәсіпорынның қосқан үлесін әлі де санамалай беруге бола­ды, бұл мәліметтер қолымызда бар. Алайда, біздің айтпағымыз – осы істердің басында күн демей, түн демей шапқылап жүрген белсенді тұлғаның бірі – өзіміздің Рзабек Дәуітұлы екендігі. Өйткені, вируспен бетпе-бет шаралардың бәрінің басы-қасында жүгіріп жүрді, өзіне жүктелген міндетіне сай, халықты атқарылған істерден уақытылы хабардар қылып отырды.

Дәл бүгін алпыстың асқарына көтерілген жігіт ағасы әлі де күш-қуаты қайнап, арай жүзі жайнап, жанары ұшқын атып тұрған жігерлі қалпында. Өзі қандай болса, отбасында балалары­на беріп жатқан тәрбиесі де сондай тағылымды. Аяулы жары, мұнай саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен қаржыгер Бақтықыз Таубаева екеуі – Фариза, Нұртас, Алтынай, Дінмұхамед атты тәрбиелі ұл-қыз өсірген бақытты ата-ана.

P.S.

Әңгімемізд ің әлқиссасында атап айтқанымыздай, Рзабек Дәуітұлы Артығалиевтің өмірдегі жарқын белестері адамгершіліктің ақ-адал жолымен өріліп жатқандығы Тұманшы би бабасынан бас- тау алып жатқандай көрінеді де тұрады маған. Қашан көрсең де қарапайымдылығын жоғалтпаған, асып-тас- пайтын, әркез біртоға қоңыр қалпынан танбайтын оның бүкіл болмысын «Тектілік теоремасына» сыйғызғым келіп тұратыны да осыдан!..

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған