Мұрат Өтешов жолдардың не себепті тез тозатынын айтты

ЕАС 604 Жаңалықтар

Облыс көлеміндегі жергілікті маңызы бар автожолдардың 49 пайызы ғана жақсы жағдайда, 51 пайызы сапасыз күйде. Бұл туралы бүгін үш жарым сағатқа созылған қоғамдық кеңес отырысында белгілі болды.

ЕАС 604

Облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешовтің айтуынша, әсіресе, Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға аудандары  елдімекендерінің тұрғындары жол азабын ерекше сезініп отыр. Жолдың тез тозуына сапасы төмен асфальт, жолдың ені мен табан қалыңдығынан ауытқулардың болуы тікелей әсер етуде. «Қазіргі міндет – «Атырау – Индер» автожолы сапасын ұзақ жылдар сақтау үшін, осы бағыт арқылы өтетін 40 тонналық шетелдік ауыр жүк көліктері мен Индер кенішінен қиыршық тастарды, құм таситын жеке меншік көліктерге жолды жаз айларында пайдалануына шектеу қою жолдарын қарастыру керек» деді Мұрат Өтешов.

ЕАС 533

Айта кеткен жөн, биыл облыс бойынша 333 шақырым асфальт төсеп, жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың айтуынша, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 31,5 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

ЕАС 556

ЕАС 545

ЕАС 594

ЕАС 578

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз