Атыраулық өнерпаздар Еуропа төрінде

Атыраулық өнерпаздар Еуропа төрінде – Р 2 Жаңалықтар

Атырау облыстық академиялық Д.Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру мақсатында Мажарстанның бас шаһары – Будапешт қаласына гастрольдік сапармен келді. Бұл айтулы шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылып отыр.

Атыраулық өнерпаздар Еуропа төрінде – Р (2)

Гастрольдің алғашқы күні шығармашылық ұжымды Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов арнайы қабылдап, қонақтарға құрмет көрсетті. Оған атыраулық делегациямен қатар Венгрияның өнер және мәдениет қайраткерлері, дипломаттар мен саясаткерлер, этникалық қазақтар мен студенттер, жергілікті ғұн-қыпшақ тайпасының өкілдері, т.б. қатысты.

Атыраулық өнерпаздар Еуропа төрінде – Р (3)

Бүгінде екі елдің саяси, мәдени, экономикалық салалардағы қол жеткізген екіжақты келісімдері мен жетістіктеріне тоқталған Нұрбах Тұрарұлы:

– Мажарстан біздің Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды стратегиялық әріптесіміз екенін атап өткім келеді, – деді құттықтау сөзінде. Сондай-ақ, қазақтың бай мәдени мұрасын кәрі құрлық елдеріне насихаттап, танытып жүрген еліміздегі іргелі өнер ұжымына ерекше алғысын жеткізді.

Шара барысында оркестр мүшелері өнер көрсетіп, мәдени шара қатысушыларына әуезді сазбен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал Мажар еліндегі гастрольдік бағдарламаның «Шуақты өлке шаттығы» атты қорытынды бөлігі Будапешттегі «Дунай сарайы» концерт залында өтеді.

Айта кетейік, ресми делегацияны Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Саламат Сабыр бастап келді.

Атыраулық өнерпаздар Еуропа төрінде – Р (1)

Р.Сәбитұлы

Будапешт, Мажарстан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз