Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 19 іс қозғалған

IMG 7770 27 11 17 10 44 Жаңалықтар

Қалалық әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия «Шаңырақ-2008» қоғамдық қорымен бірлесіп, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Атырау мұнай құбыры басқармасы ұжымымен кездесу өткізді. Мұнда әйелдер мен балалар арасындағы адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелері қозғалды.

IMG_7770-27-11-17-10-44

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілгенін қоғамдағы оң өзгерістерден байқауға болады. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған адамдар мен отбасыларға ақпараттық-білім беру жұмыстары мен көрсетілетін қызметтер ауқымын айтарлықтай кеңейткен. Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі сектор меңгерушісінің айтуынша, Алмагүл ықшам ауданынан «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі ашылған. Мұнда зорлық-зомбылық құрбандарына тегін медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер, сондай-ақ, уақытша баспана беру қызметтері көрсетіледі.

Осы ретте, шараға қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің әйелдерді тұрмыстық қорғау тобының инспекторы Гүлшара Макиева қатысып, жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

IMG_7764-27-11-17-10-44

«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, 2017 жылдың 25 қараша және 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жүргізілуде. Бұның мақсаты – әйел адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға өз құқықтарын түсіндіру. Ал, әйел адамдарға қатысты тіркелген арыз шағымдарға тоқталсақ, 99-інші бап бойынша екі әйел адамды, 21-інші бап – зорлау бойынша 19 іс қозғалды. Бұған себеп, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, жұмыссыздық себепкер болды»,-дейді ол.

Атырау мұнай құбыры басқармасы ұжымымен кездесуде көптеген пікірлер айтылды.«Зорлық зомбылыққа ұшыраған әйелдерге кеңес беретін орталықтар бар екен. Бұл отбасында жәбір көретін әйелдерге зор көмек. Осындай кездесулер жиі өтіп тұрса, келеңсіз жағдайларға тосқауыл болады деген ойдамын»,-деді Атырау мұнай құбыры басқармасының еңбек жөніндегі технигі Ләззат Адаева.

Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз