Атыраудағы студенттер газ толтырылған балоннан уланған болуы мүмкін…

85510002 w640 h2048 dsc0031 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Атыраулық студенттердің нақты неден уланғанын және оқиғаның қалай өрбігенін Атырау сервистік колледжі директорының өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлсім Жалмұханова айтып берді.

https://www.youtube.com/watch?v=ubtKKpi1u9g

Бұл жағдай газ балонын бүркуден орын алуы әбден мүмкін. Оқиға орнына жедел жәрдем уақытында келген. Оқу орнының 1-2 қабаттарында белгісіз өткір иіс пайда болған.

– Балалардың жаппай улануының себебі анықталуда, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Енді балалардың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Науқастарға уақытылы көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайын қалыпқа келтіргендіктен, студенттердің көбісі үйге жіберілді, ал қалғаны кешкі сағат 19.00-ге дейін шығарылады. Олардың барлығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Қазір бұл жағдаймен құқық қорғау органдары айналысуда, оқиға газ балонын бүркуден болған деген болжам бар, – деді ол

Аман ШАМАР.

Бейнежазба автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз