Келінін балағаттап, ар-намысына тигені үшін енесі жауапқа тартылды

1 e1516626194934 Жаңалықтар

22 қаңтар. Атырау облысының, Қызылқоға ауданында келінін балағаттап, ар-намысына тиген енесі жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

СОТ

Құқықбұзушы М.А. бір аулада тұратын өзінің келіні Ж.С.-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, келініне ашумен балағат сөздер айтқанын растап, келінімен өзара медиатордың көмегімен татуласқандарын жеткізген.

Өз кезегінде жәбірленуші келіні де енесіне кешірім бергенін баяндап, өзара медиация тәртібінде татуласуларына байланысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.

Айқара Ғұмар

Фото yvision.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз