«Балаға мейірім сыйла!» аясында мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілді

1332310232 88fdf4eb26fa71bf1cb87685757cbf85cf649b10 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Талғайраң негізгі мектебінде «Балаға мейірім сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

1529055432 fds

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған акция қаңтар айынан бастау алып, бір айға жалғасты. Акция аясында  әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушылардың есебі шығарылды.     Аталмыш білім нысанында төрт толық емес, жеті аз қамтылған және сегіз көп балалы отбасы бар. Шара барысында оларға мұғалімдер және жеке  кәсіпкерлер  Асқар Мамбетов, Сәуле Оразбекова, мектеп есепшісі Гүлжан Жұмағалиева мен клуб меңгерушісі Бибігүл Малекенова демеушілік көрсетіп, сыйлықтар ұсынды. Демеушілік көрсеткендерге мектеп басшылығы тарапынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Аяужан ҚАЛИЕВА,

Талғайраң негізгі мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Атырау қаласы.      

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз