Atyirau ZHigermunayservis 5

Жоғары жалақымен жігерленген «Жігермұнайсервис»

Жаңалықтар Саясат Экономика

Жолдау жолдарынан:

«Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды».

Атырауда кәсіпорын қызметкерлерінің табыс көлемі ұлғая бастады. Игі бастама Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен тапсырмаларынан туындап отыр. Атырау-Жигермунайсервис-2

Нәтижесінде, қазыналы өңірдің бірқатар мекемелерінде жалақы мөлшері орташа есеппен 10 пайыздан 30 пайызға дейін арттырылды.  Сондай мекемелердің бірі – «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын басшысының орынбасары Тимур Қожақанов Елбасының саясатын, Жолдауда атап көрсеткен байыпты бастамаларды толық қолдайтынын айтады.

– Біздің кәсіпорынның жұмыс жасап келе жатқанына жиырма жылға жуықтады – дейді ол. – Осы уақыт ішінде талай қиындықтарды бастан кешіріп, талай табстарға да қол жеткізді. Кемінде жыл сайын, ал, әрі кеткенде екі-үш жыл сайын мұндағы жұмысшылардың жалақысы өсіп отырады. Бұл кейде әлемдік нарықтың өзіндік заңдары мен ішкі нарықтың сұранысына байланысты қажеттіліктен туындап жатады. Кейде осында өндірілетін өнімге тапсырыс көбейіп, кәсіпорынның әлеуеті жақсарған кезде, еңбекақы да сәйкесінше жоғарылайды.

Президент бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсетінін айтты. Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенім білдірді.

Бір ерекшелігі, бұл – көпбейінді кәсіпорын. Мұнда барлығы 380 адам жұмыс істейді. Еңбек ету ережелерін сақтау, қолайлы орта туғызу, лайықты жалақы белгілеу мәселелеріне зор мән беріледі. Бүгінде қызметкерлердің еңбек төлемін молайтуға қатысты біраз жұмыстар атқардық. Бұрын олар кем дегенде 80-90 мың алып келді. Енді орта есеппен 180 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Ал, ең төменгі деңгейі 110 мың теңгені құрайды.

«Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз» деді Елбасы. Ендеше, бұл мәселе күн тәртібінен түспейді және тікелей бақылауда болады. Алдағы жылы да жұмысшылар жағдайын жақсарту, жалақысын көбейту ісі жалғасын табады. Бұған қатысты нақты жоспарымыз да бар. Аталған жұмысты жыл ортасында жүргіземіз деп ойлап отырмыз.

Атырау-Жигермунайсервис-5

Бұл жерде бір ескере кететін жайт, айлығы 200 мың теңгеден жоғары жұмысшыға жалақы көтерілмейді. Яғни, ең төменгі табыс табатындардың ғана жағдайы ескеріледі. Есесіне, қазір мұнда уақытша жұмыс атқаратындарды айтпағанда 100 мың теңгеден төмен жалақы алатын адам жоқ. Айтпақшы, былтыр монтажды-дәнекерлеу жұмысына роботехника қызметі қосылды. Осыған орай, өндіріс қуаты мен көлемі еселеп артты.

Айта кетейік, «Жігермұнайсервис» – 100 пайыз отандық өнім шығаратын кәсіпорын. Бүгінде «Теңізшевройл», «НКОК» секілді алпауыт компаниялармен бірлесе еңбек етуді жоспарлап отыр. Сонда сұраныстың да, ұсыныстың да ұлғая түсері анық.

14963-6-bolasha_y_zor_b_regei__ruАмандық АБДОЛ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған