Баннер 9 мая от газеты Атырау

Республикалық “Ақ көгершін” байқауынан атыраулық оқушылар бас жүлдемен оралды

21a2c5b8 04b7 452d af73 a09a9eb349ee Жаңалықтар

Биылғы 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласында өткен «Ақ көгершін» ХХ республикалық фестиваль-байқауында атыраулық кіші «Айжан қыз» би ұжымы бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

e0a39e36 47ae 4ffe a270 313f4a61a1a7

Хореографиялық ансамбль кіші топтардың арасында «Гүлдерайым» биімен қатысып Бас жүлдені жеңіп алды. 

Н. Тілендиев атындағы облыстық гимназия мектебі жанынан ашылған “Айжан қыз” хореографиялық ансамблі бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі марапаттарға ие болған.

Би ұжымына бірнеше жылдан бері танымал педагог-хореограф Айжан Артығалиева жетекшілік етіп келеді. 

dc6e0b0f 0310 4946 b9df bf2f375a26d2

Бидің қоюшысы өңірімізге танымал хореограф Сәуле Жаскеленова, ал балаларды конкурсқа  бастап апарған жас педагог – Нұргүл Бауыржанова. 
“Біздің қыздардың биі қазылар алқасынан көп мақтау алды. Байқауда костюмге, қойылымға, биді орындау техникасына да өте қатты мән берді. Хореография номинациясынан 12 топ қатысты.  Біздің өнерлі қыздарымыздың осындай үлкен байқауларға қатысуына жағдай жасаған мектеп басшылығы мен ұстаздарға, ата-аналарға алғысымыз шексіз”,- дейді Нұргүл Бауыржанқызы.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз