Мұнай өндірісі 12 млн тоннаға дейін артпақ (+ВИДЕО)

img 20220219 wa0042 Жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов «Теңізшевройл» кәсіпорнының нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Алдымен ат басын Үшінші буын зауытына бұрған халық қалаулысы әлемдік деңгейдегі ірі жобаның жүзеге асуы келесі жылға жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Үшінші буын зауытының арқасында мұнай өндірісі 12 миллион тоннаға дейін артады деген болжам бар. Әрине, бұл экономикалық жағынан өте тиімді. Бірақ, 30 мыңнан астам жұмысшы босайды. Бұл мәселені шешу жолдары да қарастырылып жатыр» деген депутат одан әрі су тазарту қондырғыларының жұмысымен танысты. Мұндағы заманауи технология расымен де таңдай қақтырарлық. Пайдаланылған судың 70 пайызы тазартылып, кәсіпорынның техникалық қажеттіліктеріне қайта жаратылады екен.

Сондай-ақ, вахталық қалашыққа барып жұмысшылармен кездескен депутат Президент тапсырған жобаларды бірлесіп атқаруға шақырды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жылыой ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз