Киноға билет қымбаттады

img 4884 Жаңалықтар

Киноға билет бір жылда 33 процентке қымбаттады, деп хабарлайды atr.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда бір жылда билет 14%-ке қымбаттаған. Өткен жылы кино билеттері орта есеппен 2 033 теңге болды. Бір жылда баға Шығыс Қазақстанда 43%, Қызылордада 29% және Абай облысында 25%-ке өскен. Солтүстік Қазақстан облысында баға небәрі 3,3%-ке қымбаттаған. Ірі қалалардың ішінде ең қымбат кино билеттері Түркістанда – 2 700 теңге. Ал ең арзаны Қарағандыда – 1 400 теңге. 

“Бірақ бұл көрермендерге кедергі емес. Керісінше қазақстандықтар кинотеатрларға жиі баратын болған. 2023 жылы 70-тен астам кинотуынды жарыққа шықты. Олардың 60-тан астамы комедия жанрында. «Отбасы ошақ қасы» деңгейінен әлі де көтеріле алмай отырмыз», – дейді киносыншы Дана Әмірбекова. 

Айтуынша,  кинотеатрларда әуесқой режиссерлердің туындыларын көрсету әлдеқайда тиімді. Ал заң оларды басқа жанрлардағы картиналарды көрсетуге міндеттемейді. Екіншіден, көрермен талғамы өзгерген. Сыншы халықаралық кинофестивальдерде жеңіске жеткен және мемелкеттің қаржысына түсірілген картиналарды үлкен экранда көрсетуге міндеттеу керек деп есептейді. 

“Ұлттық киноны қолдау орталығы осыдан 5 жыл бұрын құрылған болатын. Одан бері 100-ден астам кинотуынды жарыққа шықты. Сол ұлттық киноны қолдау орталығында шыққан фильмдердің арасында жанрлық түрлену байқалады әрине. Алайда, өкінішке қарай, бүгінді таңда баршаңызға белгілі кино туралы заң жоқ. Ал заң болмағандықтан, біз мемлекеттің қаржысына түсірілген туындыларды кәсіппен айналысатын жекеменшік кинотеатр басшыларымен келісе алмай отырмыз. Олар біздің мемелкеттің қолдауымен түсірілген фильмдерді көрсетуге ниеттері де, зауқыда жоқ. оларға әуесқой режиссерлардың түсірген комедияларын көрсету әлдеқайда тиімді. Өйткені халық сондай жеңіл желпі, көңіл көтеретін, терең ойға батырмайтын туындыларды көруге бүгінгі таңда әуес”,- дейді Дана Әмірбекова.

Киноның билет бағасына тоқталайық. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде 99 елдің ішінде 31-ші орында. Ал ТМД елдерінің арасында Армениядан кейінгі екінші орында тұр. Әлемдегі ең арзан билет Иран, Сирия және Шри-Ланкада, ең жоғары баға Швейцария, Дания, Сауд Арабиясында тіркелген.

Ең көп касса жинаған фильмдер 2023 ж. Бизнес по-казахски в Индии 1 281 598 850 Хотя бы в кино 2 985 085 100 Маған назар аудар 818 844 800 Жаным сол       389 267 400 Azhyrazam 318 933 390

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз