Домбыра – дастан

img 20201208 wa0073 Жаңалықтар

Домбыра – бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу – әрбір адамның асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау  – әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалғанда көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады.

  Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас ойлардан тазарып, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы да адам сияқты: басы, ішегі, мойны, тілі, кеудесі болады. Домбыра суреті алғаш IV ғасырда Арал теңізінің батыс жағындағы «қойқырылған» деген жерде тасқа қашалып салынған. Қазақтың аспаптық мәдениетінің өте ерте заманнан басталғанын археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп берген. «Қойқырылған» қазба жұмыстары кезінде 2400 жыл бұрын қазіргі қазақ домбырасына ұқсас қос ішекті аспап ұстаған қыш мүсіндер табылған.

Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға құштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылап еңбек етуге құштарлығы арта түседі.

Домбырада жыр, терме, айтыс, толғау, күй т.б. шығармаларды орындауға болады. Әсем дауыс ырғағына қосылған маржансөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді.

Домбыра үні адам бойына тамаша сезімді оята отырып жетеді. Домбыраның үні тыңдаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауына әсер етеді. Домбыра аспабының бойына бірнеше ерекшеліктер шоғырланғанын педагогика ғалымдарының кандидаты Ж.Еңсепов атап көрсеткен. Домбыра барлық пәндермен байланысты. Мысалы: домбыра әр дыбысты есептеп ойнайтын математика пәні, домбыра-құлақ күйін есту арқылы екі ішек арасындағы дыбыс тербелісін айыратын физика пәні – дейді.

Бүгінде домбырасы жоқ қазақ үйі, домбырасы ауыл жоқ деуге болады. Бүгінгі қазақ зиялыларының өзі хан, би, шешендер, ақын, батырлар, бұқара халық домбыра аспабы негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетінқұрметтеуге ерекше мән беруде. Домбыра туралы жыр жазбаған ақын жоқ.

     Сол сияқты аудан көлемінде домбыра жасаушы шеберлер де баршылық. Солардың бірі Елтай селосының тұрғындары марқұм Ізім Бекмағанбетовтың сүйекпен әшекейленген және Ерболат Қартабаевтың қолынан жасалған домбыралары көрермен назарын еріксіз аударады. Индер аудандық музейінің төрінде экспозициялық коллекция кормесі орын алып осы шеберлер туралы деректерді және өз қолдарынан жасалған домбыраларын  таныстырғым келеді.

Ізім Бекмағанбетов-1912 ж. Қатыншағыл қыстағында дүниеге келген. Қолөнер шебері, Ұлы Отан соғысының ардагері. Жеті жастан  анадан айырылып, 14 жасқа келгенде Нарын құмының ішіндегі жалпақ елді аралап, өз еңбегімен күнелте бастаған екен. Сол кезден ауылдың етігін жамап, тігіп, ер, домбыра жасап «бала шебер» атаныпты. 1945-1962 жылдары «Амангельді» ұжымшарында механик болған. Оның   шаңырақ, кереге, уық, домбыра т.б. тұрмыстық бұйымдары аудандық, облыстық байқауларда жүлде алып, музейлерге қойылған. «Қайран саусақ»,  «Ардагерлер» күйлерінің авторы. «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерінің иегері.

Сүйектелген Домбыраның басы мен мойынының беттері, тиегі, шанағының жандары сүйек пластинкалармен әшекейленген,  Совет үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысып, ақ бандылардың қолынан қаза тапқандардың бірі ақын Қиса Көпжанұлы домбырасының көшірмесі. СССР-дың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында 1982 жылы Қисаның немерелері Аймекен мен Райсаның сұрауы бойынша сол кісінің тартқан домбырасының моделін жасап,ескерткіш ретінде сыйға тапсырды. Домбыра шанағының артында «Елтай селосы 1982 жыл Еңбек даңқы музейіне» – деген анық көрінбейтін  жазуы бар.

Ерболат Қартабаев – 1972 ж. Елтай аулыныда туылған. Елтай ауылының  белгілі қолөнер шебері. Кішкентай кезінен сурет салуға бейім болған.  Қолдан жасалған әшекейленген домбырасын музейге сыйлаған – Индер  ауданының 80 жылдығына арналған тарту (сый).Домбыраның тиегі асықтан жасалған, шанағында Индер ауданының эмблемасы бейнеленген және үкі мен шашақты баулармен әшекейленген.

Атақты Құрманғазы, Сүгір, Тәттімбет сияқты күйшілер әлі де өмірге келер. Ұлтымыздың жан сұлулығын, дархан мінезін, кең даласын өрнектеген тамаша күйлер жазылатына сенемін.

Айнұр Бисембаева,

Атырау облысы  тарихи-өлкетану музейнің Индер аудандық бөлімшесінің тарихшы-маманы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз