COVID-19: Тағы да үш науқас анықталды

0 5e4f9c39ecf9d COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/30 сәуір, 2020 жыл. Атырауда коронавирус инфекциясы анықталған​ адамдар саны 135 адамға жетті.

«Атырауда тағы төрт адам қауіпті індетке шалдықты»​ ​ деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. Науқастардың екеуі​ 1989 жылы туған, біреуі​ 1969​ жылы туған ер адамдар. Олардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары.
Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.

«Төртінші науқас​ 1969 жылғы әйел адам. Ол бұған дейін қауіпті топтың қатарында болған. Әйел адам жоспарлы ПЦР тестілеуден өтті. Нәтижесінде коронавирус инфекциясы расталды. Осылайша Атырауда вирустың жаңа ошағы анықталып отыр» деп хабарлайды​ Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен байланыс жасаған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жүріп жатыр.​
29 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 135​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Бұл науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар және байланыс жасағандар.

Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап, Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналдарды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 000-нан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​

«Олардың арасында 6 000 нан астам жұмысшы Атырау облысының,​ 2 000 нан астамы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600 ден астамы Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар» деп нақтылады Шұғыл штаб.

Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты.​ Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам жақын қатынаста,​ 718 адам байланыста болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз