Атырауда алдыңғы шепте жұмыс істейтін 6000-ға жуық қызметкер коронавирусқа тесттен өтеді

1 39 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/29 сәуір, 2020 жыл. Олардың көпшілігі – тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.


Атап айтқанда, Covid -19 індетін жұқтырушылар қатарына  Қазақстан Республикасынан шекарсынан шығатын жолаушылар, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан мүшелері, шұғыл көмек көрсететін қала мен аудан әкімдіктері кірді.

Короновирусқа тесттен аймақтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін  ұйым өкілдері, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ инфекциондық, провизорлық және карантиндік стационарлардың медицина қызметкерлері тегін өте алады.


–     ПТР және экспресс тесттер қауіп-қатер тобына жататын  адамдар үшін мемлекет есебінен сатып алынды. Алдыңғы шепте жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 17 сәуірден бастап тесттен өткізді, қазіргі уақытта Атырау облысының мыңға жуық тұрғынынан сынама алынған. Ал  қалған бөлігіне жақын уақытта өткізу жоспарланған, – деді жедел штаб.

Сондай-ақ, Атырау облысының кез келген тұрғыны «Олимп» зертхана желісінде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған  ПТР-тестін ақылы түрде тапсыра алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз