COVID-19: АТЫРАУДА НАУҚАСТАР САНЫ КҮРТ КӨБЕЙДІ

sin3493 7ud8z7l Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Соңғы аптада Атырау қаласында резервтен 330 инфекцилық төсек орын іске қосылып, жалпы саны 2 428-ді құрап отыр. Бұдан бөлек, облыста резервтік 520 орындық инфекциялық стационар әзірленді, оның 20-сы реанимациялық​ төсек-орын. Сондай-ақ, өңірде 408 орындық карантиндік стационар жұмыс істеуде. Барлық медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталды» деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазір аймақ бойынша инфекциялық стационарларда 806 науқас емделуде. Төсек-орын жүктемесі 32,5% құрап отыр. Реанимациялық төсек-орын саны – 108. Реанимацияда 53 науқас, оның 39-ы ауыр, жетеуі өте ауыр дәрежеде жатса, бесеуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз