Баннер 9 мая от газеты Атырау

Биыл Атырау облысында 6705 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

220516100955692e Жаңалықтар

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санаттарына жасалған талдау бойынша 18 жасқа дейінгі балалар – 65 пайызды құраған.

-Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 1656 адам. Оның ішінде 51-і тәуелсіз қызметкерлер, 935-і жүгіну кезінде жұмысы барлар, 209-ы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 461-і бала күтіміндегілер,- деді А.Мәмбетов.  

Айта кетейік, жұмыссыз ретінде тіркелген 209 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар қатарындағы 1-6 жас аралығындағы 1572 балаға қаржылай әлеуметтік топтамалар берілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз