Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атырауда өртке оранған пәтерден бес адам құтқарылды

spp Жаңалықтар

Atr.kz/13 маусым, 2019 жыл. Атырауда өртке оранған пәтерден бір отбасының бес мүшесі құтқарылды.

«Алты қабат үйдің үшінші қабатындағы пәтер жанды. Өрт алдымен балконда тұтанған, артынша ешкім жоқ пәтердің пластик есік-терезелері жанған. Пластиктен шыққан қою түтін дәлізді толтырып, жоғары қабаттағы пәтерге өткен. Сол төртінші қабаттағы пәтерде үш ересек адам және екі бала түтіннен уланып қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар отбасын түгел құтқарып, дәрігерлердің қолына тапсырды», – деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз