Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атырауда Отбасы күні 5 ұл, 5 қыз өмірге келді (ФОТО)

ANU 1708 Жаңалықтар

Кеше ғана аталып өткен Отбасы күнінде Атырау қалалық перзентханасында 5 ұл, 5 қыз өмірге келді. Жарық дүние есігін ашқан сәбилер мен олардың анасын Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов арнайы құттықтап барды.

ANU_1708

– Биыл еліміз Отбасы күнін бесінші мәрте атап өтуде. Дәстүрлі мерекелердің қатарына қосылған бұл күннің мән-маңызы тереңде деуге болады. Отбасы мен мемлекетті бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін емес. Сондықтан, еліміздің алға қарай дамып, өркендеуі әр шаңырақтағы бірлік пен берекеге байланысты, – деген ол сәбилі болған аналарға сыйлықтар табыс етті.

ANU_1632

Аталмыш шарадан үш сағат бұрын перзентін өмірге әкелген Айнұр атты жас ананың жанында болған серіктесі Мая Меңдешова қалалық әкімдікке ризашылығын білдірді. Сол сәтте салмағы 3600 гр. болып өмір есігін ашқан еш нәрседен хабарсыз сәби жанымызда тәтті ұйқыда жатты. Өз сөзінде Мая ұл баланың есімін Хантөре деп атайтынын жеткізді.

ANU_1651

Мереке күні өмірге он бала келгенін мәлім еткен кезекші дәрігер, акушер-гинеколог Халимаш Амандықова сәбилердің саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты.

ANU_1652

ANU_1702

ANU_1730

ANU_1677

Мәлике МӘЛІК

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз