Баннер 9 мая от газеты Атырау

АЛДА – ЕҢБЕК АСУЛАРЫ!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітіруші түлектерге диплом табыстауға арналған салтанатты кеш оқу орнының «Жайық» мәдени-спорт кешенінде өтті. Жиынды аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Мамраев түлектерге арнаған кіріспе сөзімен ашты.

 

Биылғы оқу жылында білімнің қара шаңырағын 1700 маман бітіріп отыр. Оның 121-і – магистрлік дәреже қорғағандар. Биылғы диплом иелерінің 86-сы – оқу үздіктері. Сонымен қатар, түлектердің арасында халықаралық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары да аз емес.

Одан кейін сөз алған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев университет түлектері-жас мамандарға жүрекжарды құттықтау сөзін айтып, үздік магистрлік дипломдарды табыстады.

Шараға Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев  та қатысып, университет бітірушілерге ақжарма тілегін арнап, үздік бағамен бітірген студенттерге диплом тапсырды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз