Байқау Үздіктер анықталды

Үздіктер анықтааалды Шаһар шырайы

Өрт сөндіру автокөліктері жүргізушілерінің кәcіби деңгейі мен шеберлігін арттыру мақсатында Атырау облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны жыл сайын жүргізушілер арасында жарыс өткізіп келеді.

Үздіктер анықтааалды

Дәстүрге айналған шара өткен аптада да жалғасты. «Жылдамдықты орағыту бойынша үздік жүргізуші» атты кезекті гарнизондық байқауға Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы 22 жүргізуші қатысты.

Екі айналымнан тұрған жарыс  теориялық және тәжірибелік негізде өтті. Бірінші айналымда жүргізушілердің теориялық білімі сарапқа салынды. Яғни, бұл айналымда жол ережелерін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған тест сұрақтарына жауап берді. Екінші кезеңде жарысқа қатысушылар өрт сөндіру көліктеріне отырып, сын сағатта дұрыс әрекет ету бойынша жүргізушілік шеберліктерін  көрсетті.

Жалпы командалық есеп бойынша, №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Б.Мұсағалиев пен өрт сөндіруші, азаматтық қорғау кіші сержанты А.Қайроллаевтардың командасы үздік шықты.

 Ерлан РАХМАШЕВ,

№1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, 

азаматтық қорғау майоры.

Атырау қаласы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз