Атырау қаласында жаға бекіту жұмысы 82 пайызға аяқталды

bez imeniyyyyyy Шаһар шырайы

Қазір Атырау қаласында Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына 1028 техника жұмылдырылды. Барлығы 68 мекеме және 4223 ерікті де өз үлестерін қосып жатыр. Жоспарға сай жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде Жайық жағалауын бекіту 82,6%-ға аяқталды.

Қала әкімі ретінде жұмыс барысын күнделікті аяқтай барып тексеріп, мердігер мекемелерге тиісті тапсырмаларын беріп, күнделікті қорытынды есептерін алып отырмын. Жағалаудың 112 бөлікке бөлінген учаскелеріне 26 координатор бекітілді. Жайық өзенінің күнделікті су өсімін бақылап отырмыз. Бүгін 19 сәуір күнгі мәлімет бойынша өзен 3 сантиметрге көтерілген. “Соколок” және “Сарыөзек” арналарын тазартып, кеңейту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Әкімдік тарапынан осы уақытқа дейін 4 миллионға жуық қапшық, 5000 мыңнан астам күрек, 30 мыңнан астам қолғап таратылды. Жаға бекіту жұмыстары тәулік бойы жалғаса береді. Осы жұмыстарға атсалысып жатқан барлық еріктіге айрықша алғыс білдіремін.
Шәкір КЕЙКІН,
Атырау қаласының әкімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз