Сарбаздар Талқайраңда тынымсыз бөгет соғуда

img 20240420 wa0170 Шаһар шырайы

Атырау қаласындағы Талқайраң-2 ауылында 30-ға жуық сарбаз бөгет бекіту жұмысына атсалысып жатыр.

Ертең сарбаздардың санын арттыру жоспарда тұр. Бұған дейін белгілі болғандай ауыл іргесіндегі Жайық өзенінің бойында қалыптасқан тік жар құлап, бөгетке бір табан жақындап қалған болатын. Ауыл тұрғындары төтеншеліктердің жарды құлатпауға арналған арнайы құрал қадап жатқандығын айтқан еді.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысынан келетін су Бесікті ауылынан соң осы Талқайраңның бойынан өтеді.

Алмас ҚАБДОЛОВ
Сурет автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз