Атырау қаласында жаңа саябақ пайда болмақ (+ФОТО)

278568774 1587599904955820 972991794142005405 n 1 Шаһар шырайы

Мұнайлы шаһарда жаңа саябақ салынады. Біз бұл туралы облыста жарияланған тазалық айлығы аясында өтіп жатқан жалпыхалықтық сенбілік барысында қала әкімдігі мамандарынан білдік.

Айтуларынша, жаңа саябақ Ә.Молдағұлова мен А.Пушкин көшелерінің аумағы, Тутұғырға жақын жерден орын тебеді. Заманауи үлгіде салынатын бұл саябақтың жобасын «NEW MOON Architects» ЖШС жасаған.

Ал, құрылысқа тапсырыс беруші – Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Жер учаскесінің жалпы ауданы 4,04 га қамтитын демалыс орнын «NCOC» мекемесі қаржыландырады. Жаңа қоғамдық орын қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалуға ыңғайлы жер болмақ, – дейді мамандар

Айта кетейік, бұл саябақта әртүрлі сәулет-құрылыс құрылымдары, мүсіндік композициялар және амфитеатр, велотұрақ, жаттығу және балалар ойын алаңдары, су айдыны мен әртүрлі субұрқақтар қарастырылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

278410545 1587600131622464 8124092554769932243 n 1
278170232 1587599908289153 8592446722712750128 n 1
276158074 1587600068289137 8654309728813467660 n 1
278219465 1587600094955801 1292114542404589360 n 1
278360623 1587600164955794 2029599561668545601 n
278440291 1587599984955812 1828083428772299363 n 1
278447710 1587599911622486 4738948064736803624 n 1
278569992 1587600031622474 3022905385731577904 n 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз