ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2013 жылғы 11 ақпандағы №36 бұйрығына сәйкес, облыстық және аудандық құрылымдарда 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып отыр.

Қоғамдағы келеңсіз құбылыстың алдын алу және болдырмау мақсатын көздеген құжат БАҚ-тармен тығыз байланыс орнатып, осы тақырыпта «дөңгелек үстел», лекция, семинарлар өткізу, сондай-ақ, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру, клиенттер ұсынған құжаттарды орындамай негізсіз қайтару деректеріне жол бермеу, құжаттармен уақтылы жұмыс атқару және олардың орындалуында сөзбұйдалыққа салынбау және басқа да іс-шараларды қамтиды. Бұдан басқа жыл бойына облыстық прокуратурамен, экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментімен бірлесіп, тоқсан сайын дәрістер, басқа да көпшілік шаралар тұрақты өтіп тұрғаны оң нәтижесін бергені анық.
ҚР Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін» басшылыққа алған қазынашылық департаментінің жауапты қызметкерлері онда көрсетілген ережелер сақталмай, төлемшотына «Қазынашылық клиент» ақпараттық жүйесі бойынша хабарлама бекітілген жағдайда орындамай, мемлекеттік мекемелерге кері қайтарады. Мұның өзі жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жасалып отырған шаралардың бірі деуге болады.
Сонымен қатар, азаматтардан түскен арыз-шағымдар дер кезінде қаралып отыр. Ол үшін қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінде арнайы жәшіктер орнатылған.
Түйіндеп айтқанда, департамент алқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұмыс жиі қаралып, сол тұрғыда нақты шешімдер алынады. Сөйтіп, бюджет саласында жемқорлыққа жол бермеу тұрақты қадағалануда.

Л.КАЛМЫКОВА,
Атырау облысы бойынша
қазынашылық департаментінің
заң қызметі бөлімі басшысының
міндетін атқарушы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз