Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды (+ВИДЕО)

220407170755701e Саясат

«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын» делінген Президент жарлығында.

Видео:

https://youtube.com/shorts/nav0i6qaQ2I?feature=share

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде туған. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.

Еңбек жолы: 2000 жылдан – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2001 жылдан – Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы. 2002 жылдың маусымынан – Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан – бас маманы. 2006 жылдың қаңтарынан – БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы. 2006 жылдың наурызынан – БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы. 2007 жылдың қаңтарынан – БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары. 2007 жылдың қазанынан – БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылдың қыркүйегінен – Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.

2014 жылдан – ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі. Атырау облысы әкімінің орынбасары (2018-2020). Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2020-2021). 2021 жылдың қаңтар айынан бері Еңбек және халықөты әлеуметітк қорғау министрі болып қызмет атқарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз